«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕҢ КӨП ҚАРЫЗ ИЕСІ – жалған кәсіпкерлікпен айналысқан жан

Адамның мемлекет алдында қарыз болуы сирек кездесетін жағдай емес. Бірақ қарызының тым көп болуы ақылға сыймайды. Кейбіреулерінің қарызын төлеуге бар ғұмыры жетпеуі де мүмкін.

Облыстық сот актілерін орындау департаментінің №3 Петропавл аумақтық бөлімі филиалының орындауында Николай Полниковқа қатысты атқарушылық іс бар. Біріншісі – 568 912 715 млн. теңгені мемлекет пайдасына өндіру туралы, екіншісі – 96 000 теңге сараптама жүргізуі үшін және үшіншісі – 17 067 382 теңге мемлекеттік баж салығын өндіру туралы.
Н.Полников 2005 жылы белгісіз тұлғаның қатысуымен “Монтаж Ресурс” ЖШС коммерциялық ұйымын құрып, жалған кәсіпкерлікпен айналысқан. Кәсіпкерлік қызметін салықтан босату мақсатымен мемлекетке ірі шығын келтірген, сондай-ақ салық төлеуден жалтарған.
“Монтаж Ресурс” ЖШС өз жарғысына сәйкес мына қызмет түрлерінен кіріс алу мақсатында құрылған: коммерциялық және делдалдық, сыртқы экономикалық, құрылыс, монтаж жұмыстары, өндіріс, қайта өңдеу және ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу, көтерме және бөлшек сауда, сауда орындарын және басқаларды ашу.
2010 жылы Н.Полников Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің “Ұйымнан бюджетке салық төлемін және (немесе) басқа міндетті төлемдер төлеуден жалтару” және “Жалған кәсіпкерлік” баптары бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды және бір жарым жылға шартты түрде сотталып, бас бостандығынан айрылды. Қазіргі кезде ол жұмыс істемейді және өз еркімен ештеңе де төлемейді. Борышкердің жер телімі бар. Сот орындаушылары жер телімін 3 590 077 теңгеге бағалады. Жер телімі саудаға қойылатын болады.
Енді Николай Полниковты сот шешімін орындаудан қасақана жалтарғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік күтіп тұр.
Осынша қарызға қалай батуға болады? Мұның жауабын борышкер ғана біледі. Ал енді оны қалай төлеу керек? Мұнша қарызды төлеу мүмкін бе? Оның жолы қандай екені жұмбақ күйінде қалып отыр.
Облыстық сот актілерін орындау департаментінің
баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp