«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ең қымбаты — ұлттық намыс

Баяғыда Тәуелсіздік алсақ деп армандайтынбыз. Тәуел­сіздік қиял, түс сияқты көрінуші еді. Біріккен Ұлттар Ұйымына мү­ше болсақ, өз жеріміз өзімізге тиесілі­ болса, өзімізге өзіміз қожа болсақ, қаз­ба байлығымыз, рухани қазынамыз өзіміздің меншігіміз болса деуші едік. Сол келді. Бірақ өзгерген еш­ нәрсе жоқ.

Осынша ұлан-ғайыр жерді алып қалу үшін не керек еді? Жаудан қайтпайтын Жалаң­­төс батырлар керек еді ғой. Сол батыр­лар­дың бүгінгі ұрпағы біз емеспіз бе? Сол өжеттік, сол батырлық, қасқайып қарап тұрып әділін көзге айтатын қазақ қайда қалды? Неге біз адамгершілік­­те де, кісілікте де, ұтымды ой айтуда да ұсақта­лып барамыз? Әлде шын мәнінде Абай айтқандай, заманға иленіп кете беретін ұлттың ұрпағымыз ба? Рас, кешегі Ахмет Байтұрсынұлының, Әлихан Бөкейхановтың, Міржақып Дулатовтың, Мағжан Жұмабаев­тың “Оян, қазақ!” деп тастаған ұран­дары, айтқан сөздері ойымызда жаңғырып тұр. Білеміз де олардың өсиетін орындамаймыз. Соңғы жылдары пендешілікке, ұсақтыққа ұрынып бара жатқанымыз қабырғамды қайыстырады. Әрине, бұған бі­реулер: “Неге бүйтіп айтады?”, “Жақсылықты көрмей ме?”, “Әлемнің өркениетті отыз мемлекетінің көшіне ілесіп келеміз”, – деп қарсы пікір айтуы мүмкін. Ал кісілік, адамгершілік, ұлттық сана жағынан қай орындамыз? Міне, мәселе осында. Біз осы жағынан ақсап келеміз. Мұ­ны жөндеуге бола ма? Үміттене­сің. Қазақтың кешегі ірі-ірі мінез­дері біржолата жоғалып кетпеген шы­ғар. Оянар. Ол үшін басқа бір ұран керек сияқты. Басқа бір идео­логия керек сияқты. Негізі, біздің идеологиямыз мықты болу керек.

Қазақ үшін ақша да, алтын да, байлық та, үлде мен бүлдеге оранып жатқан тоқшылық та қымбат емес. Ең қымбаты – ұлттық намыс.

Дулат ИСАБЕКОВ,

жазушы, драматург.

(“Ана тілі” газеті,

4 наурыз 2016 жыл).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp