«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ең қымбат командалар

“Forbes” журналы 2020 жылғы әлемнің ең қымбат 50 командасының тізімін жариялады. Рейтингтің кө­шін бесінші жыл қатарынан АҚШ-тың “Даллас Ков­бойз” клубы бастап келеді.

Америкалық футбол клубының қазіргі бағасы – 5,5 млрд. АҚШ долларын құрайды. Екінші және үшінші орындарға да америкалық командалар орналасқан. Атап айтқанда, екінші сатыда тұрған “Нью-Йорк Ян­киз” бейсбол клубының қазіргі бағасы 5 млрд. доллар бол­са, үздік үштікті түйіндеген “Нью-Йорк Никс” бас­кет­бол клубының бағасын 4,6 млрд. долларға бағалаған.

Кейінгі орындарға “Лос-Анжелес Лэйкерс” (баскет­бол, 4,4 млрд.), “Голден Стэйт Уорриорз” (баскетбол, 4,3 млрд.), “Реал” (футбол, 4,24 млрд.), “Нью-Инг­­ленд Пэтриотс”, (америкалық футбол, 4,1 млрд.), “Бар­­се­лона”, (футбол, 4,02 млрд.), Нью-Йорк Джай­ентс” (аме­­рикалық футбол, 3,9 млрд.) және “Ман­честер Юнай­тед” (футбол, 3,81 млрд.) командалары орна­лас­қан.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp