“Forbes” журналы 2020 жылғы әлемнің ең қымбат 50 командасының тізімін жариялады. Рейтингтің көшін бесінші жыл қатарынан АҚШ-тың “Даллас Ковбойз” клубы бастап келеді.
Америкалық футбол клубының қазіргі бағасы – 5,5 млрд. АҚШ долларын құрайды. Екінші және үшінші орындарға да америкалық командалар орналасқан. Атап айтқанда, екінші сатыда тұрған “Нью-Йорк Янкиз” бейсбол клубының қазіргі бағасы 5 млрд. доллар болса, үздік үштікті түйіндеген “Нью-Йорк Никс” баскетбол клубының бағасын 4,6 млрд. долларға бағалаған.
Кейінгі орындарға “Лос-Анжелес Лэйкерс” (баскетбол, 4,4 млрд.), “Голден Стэйт Уорриорз” (баскетбол, 4,3 млрд.), “Реал” (футбол, 4,24 млрд.), “Нью-Ингленд Пэтриотс”, (америкалық футбол, 4,1 млрд.), “Барселона”, (футбол, 4,02 млрд.), Нью-Йорк Джайентс” (америкалық футбол, 3,9 млрд.) және “Манчестер Юнайтед” (футбол, 3,81 млрд.) командалары орналасқан.