«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕҢ ҚЫМБАТ ОЙЫНШЫЛАР

Әйгілі “CIES Football Observa­tory” зерттеу орталығы өзінің ресми сайтында қазіргі таңдағы ең қымбат футболшылардың тізімін жариялады. 

Көшті әлем чемпионы Килиан Мбаппе бастап тұр. Жуырда ғана, яғни 20 желтоқсанда 21 жасқа толған Франция құрамасы мен “Пари Сен-Жермен” клубының өкілі бұл күндері 265,2 миллион еуроға бағалануда.

Екінші орында – Рахим Стерлинг. “Манчестер Ситидің” сапында өнер көрсететін 25 жастағы ағылшын жартылай қорғаушысының құны 223,7 миллион еуроны құрап отыр.
Үздік үштікті Мұхаммед Салах қорытындылады. Бүгінгі таңда “Ливерпульдің” жұлдызына айналған 27 жастағы мысырлық сұрмергеннің құны – 175,1 миллион еуро. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp