
Алдағы уақытта мемлекеттік қызметтің 80 пайыздан астамын Telegram-bot қызметі, “mgov” мобильді үкіметі, “Үшінші тұлғалардың анықтамаларды алу қызметі” қосымшасы, қоғамға қолжетімді қосындар мен өзіне-өзі қызмет көрсету орындары арқылы электронды нысанда көрсету көзделіп отыр. Десек те, денсаулық сақтау, білім, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, сәулет, жер қатынастары, әлеуметтік қорғау мен жұмыспен қамту салаларындағы ақпараттық жүйелер бір-бірімен түгілі, “е-gov” порталымен де біріктірілмегені анықталды.
– Осыған байланысты орталық мемлекеттік органдарға тиісті ұсыныстар жібердік. Мысалы, Ішкі істер министрлігіне шекара аймағына өту тәртібін оңтайландыру, мемлекеттік қызметтерді электронды нысанға ауыстыру, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін қысқарту жөнінде ұсыныстар жасалды, – деді Елена Степаненко.
Ақпараттық жүйелердің біріктірілмеуі бизнес-үдерістердің бұзылуына, қызмет алушымен заңсыз байланыс орнатуға, қосымша құжаттарды талап етуге, жұмыс уақыттының ұлғаюына жол ашатын көрінеді.