«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАДЫМЫЗДАН ӨШПЕЙДІ

Мамлют ауданындағы Бостан­дық орта мектебінде майдангер ұс­таз Мәжит Мүрсәлімовке ескерткіш тақта орнатылды.

Осыдан бір ғасыр бұрын дүниеге кел­ген Мәжит Мүрсәлімұлы 20 жасын­да әскер қатарына алынып, 270-ші атқыш­тар полкінің зеңбірек-гаубица ны­са­нашысы ретінде фин соғысына, Ле­нинград құрсауын бұзуға, Харьков, Псков қалаларын азат етуге қатысты. Сұрапыл соғыста “Ерлігі үшін”, “Кеңес Одағының маршалы Г.К.Жуков” ме­даль­дарымен, ІІ дәрежелі “Отан соғы­сы” орденімен марапатталған ол 1946 жылы қаңтар айында елге оралып, зей­нетке шыққанға дейін Бостан­дық орта мектебінде бастауыш сынып­ мұғалімі болып абыройлы еңбек етті, мыңдаған шәкіртке әріп танытты.
2003 жылы дүние салған ардагердің ұрпағы бүгінде ата жолын жалғастыру­да. Мәжит Мүрсәлімұлының ұл-қы­зы­нан тараған 27 немересі, 36 шөбересі, 6 неменесі бар. Олардың арасында майдангер атасы сияқты Отан қорғай­тын офицерлер де аз емес. Солардың бірі – Петропавл әскери институтының қызметкері, подполковник Мақсат Нү­сіпов қазақша күрестен Еуропа, әске­ри жекпе-жектен әлем чемпионы еке­нін айта кеткен жөн. 

Нұрсайын ШӘРІП,
журналист.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp