«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАДЫМЫЗДЫҢ ЖАҢҒЫРУЫ

Елбасының мақаласы “Біз кімбіз?” деген сұраққа толық жауап берген сияқты. Иә, біз – ұлан-байтақ жерді мекендеген ұлы ұлттың ұрпағымыз. Осынау кең даламызда әлемдік өркениеттің ұлы ойшылдары Әбу Насыр әл-Фараби мен түркі халықтарының рухани көшбасшысы Қожа Ахмет Яссауи дүниеге келді. Халқымыз ерте заманның өзінде атқа міну мәдениетін қалыптастырып, жылқыны тұңғыш рет қолға үйреткені де дәлелденді. Елбасы атап көрсеткендей, жылқыны қолға үйрету шаруашылық пен әскери саладағы теңдессіз революцияға жол ашты.

Қыз Жібек жырында: “Жағалбайлы, жылқысын көптігінен баға алмайды”, – деген өлең жолдары бар. Халқымыз үйір-үйір жылқы ұстап, кертіп қазы-қарта жеп, саба-саба қымыз сапырған халық екендігі рас. Бірақ бір “әттеген-ай” дегізетіні, осы қымызға халықаралық патентті біз ала алмадық. Жылқыны қолға үйреткен қазақ болса, демек қымыз да қазақтікі. Сондықтан біз оны ұлттық сусынымыз ретінде әлем жұртына танытудың басқа әдісін қолға алсақ, әлі де кеш емес.

Президент “Жалпы халықтың санасында фильмдердегі жарқын кинообраздар іргелі ғылыми монографиялардағы деректі портреттерден гөрі маңыздырақ рөл атқарады” дей отырып, тарихтың кино мен телевизиядағы көрінісін жетілдіру туралы ұсынысын айтты. Бұл жоба да тарихи оқиғаларды есте ұстап, талдап-саралауға көмектеседі.

Ақнар ҚАЗЕЗОВА, студент.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp