
ЕС-164/6 түзеу мекемесіндегі сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімі зиялы қауым өкілдерімен тығыз байланыс орнатқан. Жуырда аталмыш бөлімнің ұйымдастыруымен темір тордың арғы жағына тоғытылған қыз-келіншектер жазушы Кирилл Филоновпен кездесіп, оның «Что запомнилось?» кітабымен танысуға мүмкіндік алды. Кеш барысында автор өз туындысы жайлы баяндап, үзінді оқыды. Қаламгердің айтуынша, шығарманың сюжеті шытырман оқиғаларға негізделген.
Кеш қонағы жазушы Оксана Ефремова авторды жаңа туындысымен құттықтаған соң әдебиет әлеміндегі жаңалықтарымен бөлісті. Сотталған арулар өз кезегінде қонақтарға мазмұнды әңгімесі үшін алғыс айтып, жылы лебіздерін арнады.
Кездесу соңында Кирилл Филонов түзеу мекемесінің кітапхана қорына туындысының бір данасын сыйға тартты.