«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАЗЫЛУ МҮМКІНДІГІ КЕҢЕЙЕДІ

“Қазпочта” акционерлік қоғамы мерзімді баспасөзге жазылудың жаңа заманауи форматын енгізді. 16 ақпаннан бастап кез келген оқырман Интернет арқылы өзі қалаған басылымдарға жазыла алады. Корпоративтік трансформация бағдарламасы аясында мерзімдік басылымдарға жазылу мүмкіндігіне жол ашылды.

– Бастапқы кезеңде клиенттер тек қана “Егемен Қазақстан” және “Казахстанская правда” газеттеріне жазыла алатын, ал бүгінгі таңда біздің каталогта тоғыз мыңнан астам отандық және шетелдік басылымдар бар, – дейді “Қазпочта” АҚ баспасөз қызметінің басшысы Байрам Азизов.

Өтініш беру барысы қарапайым – www.postmarket.kz сайтында тіркеліп, “газет/журналдарға жазылу” сілтемесіне басқаннан соң, клиент автоматты түрде каталог бетіне өтеді. Қажетті басылымды каталог тізімінде немесе жылдам іздеу жолағында табуға болады. Әрбір газет пен журналдың бағасы сайт бетінде көрсетілген, төлемақысын банк картасымен іске асырғаннан кейін барлық қалған шаруаны компания жұмысшылары атқарады.

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp