«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАЗҒЫ МАУСЫМ АШЫЛДЫ

Қызылжар ауданының орталығындағы “Құлагер” ипподромында ат жарысының жазғы маусымы ашылды. Додаға облыстың әр ауданынан және Ақмола облысынан 40-қа жуық спортшы қатысып, олар жорға, құнан жарыстарда, ұшқыр және аламан бәйгеде сынға түсті. 

– Ат жарысы – біздің ұлтымызбен, салтымызбен біте қайнасқан, байырғыдан келе жатқан төл өнеріміз. Тәуелсіздік жылдарында елімізде әлемдік спорт түрлері ғана емес, қазақтың ұлттық спорт ойындары да қайта жаңғырып, кеңінен өрістеуде. Бүгінгі таңда облысымызда ұлттық спорттың дамуына ерекше көңіл бөлінуде. Петропавл қаласында ұлттық спорт түрлерінен балалар мен жасөспірімдер, Қызылжар ауданында ат спорты мектептері бар. Осыдан екі жыл бұрын “Тұлпар” ат клубы ашылды. Олардың тәрбиеленушілері республикалық сайыстарда өңір намысын қорғауда. Мұның барлығы облысымызда ұлттық спорт түрінің дамуына өзіндік септігін тигізуде, – деді облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов.

Бұл туралы толығырақ газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp