«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАЗ БОЙЫ ТЫНЫМ ТАППАЙ…

Бұл күндері облыс орталығында жылу желілерін ауыстыруға, жалаңаштанып қалған құбырларды көбікполиуретанмен қаптауға, сорғы станцияларын жаңғыртуға байланысты жоспарлы жұмыс жүргізілуде. Солардың барлығына “Петропавл жылу желілері” ЖШС басшылық жасауда.

Қалпына келтіру жұмыстарына тәжірибесі мол бірнеше компания жұмылдырылған. Мысалы, Жамбыл және Ғ.Мүсірепов көшелерінің қиылысы бұл күндері қызу құрылыс алаңына айналған. Ондағы 700 миллиметрлік құбырларды 1020 миллиметрлік құбырлармен ауыстыру “Севимсталькон” ЖШС-іне жүктеліпті. Бас мердігер – осы компания. Аталмыш учаскеде серіктестіктің 80 адамнан тұратын 3 бригадасы, 3 краны, 3 дәнекерлеу аппараты жұмыс істеуде. Құрылысшылардың айтуына қарағанда, жұмыс маусым айының басында басталыпты. Осы тораптағы 420 метр жердің құбырын ауыстыруды тамыз айының соңына қарай аяқтау көзделуде.

Нұрсайын ШӘРІП,

“Солтүстік Қазақстан”.

СУРЕТТЕ: (солдан оңға қарай) монтажшы Елдар Жапаров пен дәнекерлеуші Игорь Трапездников.

  Суретті түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp