23 шілдеден бастап солтүстікқазақстандық полицейлер “Барымта” жедел-алдын алу іс-шарасы аясында жұмыс істеуде. Операцияның басты мақсаты – мал ұрлығының алдын алу.
Облыстық ішкі істер департаментінің криминалдық полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Қанат Қасеновтің айтуынша, жыл басынан бері мал ұрлығының 71 фактісі тіркелген. Малдардың денін жайылымда жүрген кезде ұрлаған. 56 мал ұрлау фактісі бойынша тергеу аяқталып, сотқа жөнелтілді.
– Жедел-алдын алу іс-шарасының алғашқы күндерінде тек облыс орталығы бойынша 29 автокөлік тексеріліп, 5 әкімшілік хаттама толтырылды, – деді Қанат Қасенов.
Мәселен, ІІД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері қалалық деңгейдегі әріптестерімен бірлесе отырып, облыс орталығындағы базарлардың бірінде сату үшін көліктің тіркемесіне мүшеленген үш сиыр етін салып алып келген Петропавл тұрғынын ұстады. Тексеру барысында ет өніміне қатысты құжаттамада заң бұзушылық бар екендігі анықталды. Сонымен қатар, автокөлік құжатын тексергенде де бұзушылықтар тіркелді. Қазіргі уақытта жедел уәкілдер еттің қайдан келгенін анықтауда.
Юрий КЛЫКОВ,
облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің инспекторы.