«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жайылымнан жоғалған жылқы

Жуырда 58 жастағы облыс тұр­ғыны полицияға жүгініп, еркін жайылымда жүрген тоғыз жылқысының жоғалғанын айтып, көмек сұраған. Іздестіру жұ­мыстарына қатысқан жеті қызметкер үш сағаттан соң жылқыларды Тепличное ауылының жанындағы орман ішінен тауып алды. Олар үй маңы­нан бес шақырымдай ұзап кетіпті. Жануарлар иесіне қайтарылды. Алайда, жылқыларын қараусыз жібер­гені үшін иесі жауапқа тартылды. Оған қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 408-бабы бойынша хаттама толтырылды.

Солтүстік Қазақстан облысы аумағында тамыз айынан бас­тап ауыл шаруашылығы жануарларын бағудың қағидалары қолданысқа енгізілді. Бұдан былай еркін жайылымда жүрген мал үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Ауылды жердің тұрғындары еркін жүрген жануарлар ұрыларға оңай олжа екенін естен шығармағандары жөн. Көп жағдайда жануарлардың еркін жайылымда жүрген жерінен жоғалатыны соған дәлел. Оларды іздеу көп уақытты талап етеді. Иесіз жүрген мал егіншілерге және жол үстіндегі көлік жүргізушілеріне де қауіп төндіреді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp