«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАЙЫҢА ЖҮР, ЖАСӨСПІРІМ!

Облыстық ішкі істер департаменті әкімшілік полициясы басқармасының ювеналдық полиция бөлімі қызметкерлері 22 желтоқсаннан бастап “Жасөспірім” жедел-алдын алу шарасын ұйымдастыруда. Шараның мақсаты жаңажылдық мереке алдында ювеналдық инспекторлардың есебінде тұратын жеткіншектер арасында алдын алу жұмысын жүргізу, ал басқа жастарға әкімшілік заңнаманы түсіндіру болып табылады.

Қалалық ювеналдық полиция бөлімінің бастығы Қымбат Қасымғожина атап өткеніндей, үшкүндік шараның алғашқы күні өз нәтижесін берді. Облыс орталығында ғана бір тәуліктің ішінде 32 әкімшілік құқық бұзушылық ашылды. Ішкі істер бөліміне түнгі уақытта үлкендердің бақылауынсыз өз бетімен жүрген 25 жасөспірім жеткізілді. Соның ішінде 18 ата-анаға қатысты әкімшілік материал толтырылды. Тағы 23 ата-анаға балаларына тәрбие беру міндеттерін орындамағаны үшін айыппұл салынды. “Жасөспірім” жедел-алдын алу шарасы 24 желтоқсанда аяқталды.

Ольга ШИЯН,

облыстық ішкі істер департаменті

баспасөз қызметінің инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp