«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАЛДАУ АҚЫСЫ АЛЫНБАЙДЫ

Республикалық және коммуналдық меншік алаңдарын пайдаланғаны үшін кәсіпкерлерден 90 күн бойы жалдау ақысы алынбайды. Бизнесмендер мемлекеттік мүлік порталы арқылы жалдау ақысын алуды тоқтата тұру туралы өтініштерін онлайн тәртіпте бере алады. Ешқайда барудың қажеті жоқ. Ол үшін бизнес өкілдері қосымша келісім жасасып, оған ЭЦҚ көмегімен www.gosreestr.kz мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында қол қоса болғаны.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай бойынша мемлекеттік комиссияның отырысында 20 наурыздан бастап шағын және орта бизнесті жалдау ақысынан босатуды тапсырған болатын. Бұл тапсырма Үкіметке, жергілікті жерлердегі атқарушы органдарға, яғни әкімдіктер мен квазимемлекеттік компанияларға жіберілді. Бұл – Қазақстанда жарияланған төтенше жағдай жағдай кезінде бизнесті қолдау шараларының бірі.
Бүгінгі күні «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ деректері бойынша 8 154 жалға беру шарты бар. Олар бойынша ай сайынғы жалдау ақысы 432 млн. теңгеге жуық. Яғни, бизнес өкілдері үш айда шамамен 1,3 млрд. теңгені төлеуден босатылады.

«Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ баспасөз қызметі. 

Сурет  https://www.google.com/search?q сайтынан алынды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp