«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАЛҒАН АҚПАРАТТЫҢ ЖОЛ КЕСІЛДІ

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында 17 жасар петропавлдық қыз баланың «Инстаграм» парақшасында «полицейлер қайтыс болған зейнеткердің туыстарына ақша ұсынады» деген жазба табылды. Онда қайтыс болудың себебін коронавирустық инфекция деп көрсеткендері үшін туыстарына 100 мың теңге төленетіні айтылған. Жедел уәкілдер ойдан шығарылған бұл ақпаратты Петропавл қаласының тұрғыны өз парақшасына көп адамдардың назарын аударту үшін орналастырғанын анықтады. Полицейлер түсіндіру жұмысын жүргізгеннен кейін, қыз тез арада парақшасындағы жалған ақпаратты жойды.

Бұл жұмысқа ювеналдық полиция қызметкерлері де қосылды. «Кәмелетке толмаған қыз баламен әңгімелесіп, оның анасына қатысты «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодекстің «Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру жөніндегі міндеттерді орындамау» деген 127-бабы бойынша материал жиналды», – деді ювеналдық полиция бөлімінің бастығы Эльмира Абушева.
Полицейлер жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Сонымен қатар төтенше жағдай кезінде құқықтық тәртіпті бұзуға итермелейтін әрекеттер 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе 30 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеліп соғуы мүмкін.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp