«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жалған ақпарат жарға жығады

Терроризм актісінен зардап шеккен жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажетті құқықтық және басқа да көмектер тегін беріледі. Сондай-ақ, “Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы” Заңға сәйкес діни экстремизм және терроризм акцияларына дайындық туралы құқық қорғау органдарына хабарлаған азаматтарға материалдық көтермеақы төлеу қарастырылған. Дайындалып жатқан немесе жасалған терроризм актілері туралы ақпаратты мемлекеттік органдарға беру азаматтық борышты орындау болып бағаланады. Терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпарат үшін мемлекет сыйақы белгілейді және төлейді.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабына сәйкес терроризм актісі туралы жалған хабар таратқандар үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған, ондай адамдар алты жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp