«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАЛҒАН АҚПАРАТ ТАРАТҚАНДАРҒА ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАЛДЫ

Қарағанды облысында коронавирус инфекциясына қатысты жалған ақпарат таратудың төрт фактісі анықталды. Олардың әрқайсысы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл туралы облыстық прокуратурадан мәлімдеді.

Прокуратура жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша ірі мөлшердегі айыппұл (5 000 АЕК-ке дейін) немесе 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
«Мұндай фактілерді анықтау үшін күнделікті БАҚ пен әлеуметтік желілер бақыланады. Құқық қорғау органдары барлық қажетті техникалық мүмкіндіктерге ие және құқық бұзушыларға қатысты заңның талаптарына сәйкес қатаң шаралар қолданады», – деп атап өтілген хабарламада.
Бүгінгі таңда Қарағанды облысындағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Коронавирус инфекциясына қатысты жаңа жағдай тіркелген жоқ. Инфекциялық бөлімнің жабық боксында оқшауланған екі науқас емдеу курсын қабылдап жатыр.
366 адам тәулік бойы бақылаудағы карантинде. Бұлар 1А санатындағы елдерден оралған немесе шартты жұқтырған адамдармен байланыста болған азаматтар. 68 адам үй карантинінде, 357 адам оқшауланусыз медициналық бақылауда.
8000-нан астам нысанда санитарлық-дезинфекция режімі қадағалануда. 15 учаскеде бұзушылық анықталды.
Сотта алты істі қаралды. Кінәлілерге айыппұл салу және қамауға алу туралы әкімшілік жаза қолданылды. Тоғыз нысан облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің бұйрығымен жабылды.
Қарқаралы ауданының тұрғыны 58 адам қатысқан мерекелік шара үшін 5 тәулікке қамауға алынды. Сот оны Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабы бойынша кінәлі деп тапты.
Қарағанды облысының жолдарында санитарлық бекеттер ашылды. Ол жерде полиция мен санитарлар бірлесіп жұмыс істейді. Көліктердің қозғалысына ешқандай шектеу жоқ. Барлық кіреберістер мен қаладан шығатын жерлерде жүргізушілер мен жолаушылардың денсаулығы тексеріледі.


https://www.inform.kz/kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp