«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАЛҒАН ЖАРНАМА, ЖОСЫҚСЫЗ БӘСЕКЕ

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті « Аутсорсинг и лизинг персонала» ЖШС-не қатысты бәсекелестікті қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуына байланысты тергеуді бастады. Бұл жайында ведомствоның баспасөз қызметі хабар таратты.

Тергеуді бастауға ЖШС-нің «Тaxi -2 – ең тиімді такси+ қызметті әр пайдаланғаныңыз үшін бонустар бар» деген баннердегі сыртқы жарнамасы бойынша департаментке түскен материалдар негіз болып отыр.

Алайда, тексеріс барысында осындай қызметті жүзеге асыратын бәсекелестердің такси қызметінің құны аталған ЖШС ұсынатын бағадан төмен екені анықталды.

Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 177-ші бабына сәйкес жөнсіз-жосықсыз бәсекелестікке тиым салынды.

Осыған орай департамент ЖШС-ге қатысты тергеу жұмыстарын бастады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp