«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жалған мәлімет берген

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының сарап­шылары 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында көрсе­тілген қызметтердің сапасы мен көлеміне қатысты 460 мың­нан астам түрлі заң бұзу­шылықты анықтады. Меди­циналық ұйымдарға 4,6 мил­лиард теңге айыппұл са­лын­ды.

Заң бұзушылықтар арасында көбінесе жалған мәліметтер беру жиі кездеседі. Жарты жыл ішінде қор сарапшылары 11,6 мыңнан астам көрсетілмеген қызметтерді анықтады, олар ақпараттық жүйе­лерге енгізілді. Осындай заң бұзушылықтар үшін медици­на­лық ұйымдарға 75,4 миллион тең­геден астам айыппұл салынды.

Сонымен қатар сарапшылар көмек көлемін арттырып, ауру­дың диагнозын дұрыс көрсетпей, ауруханаға жатқызудан және ме­дициналық көмек көрсетуден бас тартқан, іс жүзінде науқастарға берілмеген медициналық бұйым­дар мен дәрілік заттарды тіркеп, бірреттік құралдарды қайта қол­данған жағдайларды анықтады.

Қарлығаш ІЛИЯСОВА,

әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры облыстық филиалының бас сарапшысы

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp