«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жалған құжатпен ұсталды

Өңірімізде “Заңсыз келуші – 2017” жедел-алдын алу шарасы өтті. Шараның бірінші күні-ақ көші-қон заңнамасын бұзудың 273 дерегі анықталды.

Мәселен, тәртіп сақшылары Украина елінің азаматы Лейла Джабарованы жалған құжатпен шекарадан асып өтпек болған жерінен ұстады. Жамбыл облысындағы туыстарында бес жыл тұрған ол Ресейге бет алған. Немере сіңлісінің құжатын пайдаланып шекара аспақ болған оның қулығы іске аспады. Сонымен қатар сот үкімімен 14 шетелдік Қазақстан аумағынан шығарылды. Олардың арасында көші-қон заңнамасын бір жыл ішінде бірнеше рет бұзған азаматтар да бар.  

Мәдина БАЛҒАШОҚОВА,
облыстық ішкі істер департаменті баспасөз
қызметінің жетекшісі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp