«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАЛҒАН ҚҰЖАТ ЖАРҒА ЖЫҚТЫ

Жалған сот шешімін жасағаны үшін А.Демченко деген азамат 2 жылға бас бостандығынан айрылды.

Сот анықтағандай, өткен жылдың мамыр айында А.Демченко Тимирязев аудандық құрылыс бөлімінің басшысы С.Кушбасовтың сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылығы үшін қызметінен босатылғанын және оның жұмысқа қайта алуға қатысты өтінішін соттың қанағаттандырмағанын біледі.

Осы жайды пайдаланып қалмақ болған ол С.Кушбасовқа 300 мың теңге сыйақыға бұрынғы жұмысына қайта тұруға көмектесе алатынын айтады. Осылайша, ол жұмысқа алу туралы жалған сот шешімін жасап шығарады. Құжаттың түпнұсқа екендігіне күмәнданған мемлекеттік қызметші облыстық сотқа сауал салады. Сол кезде А.Демченконың қулығы ашылып қалады.  

Судья жасалған қылмыстың ауырлығына байланысты прокурордың айыптыны 2 жылға бас бостандығынан айыру туралы пікірімен келісті. Сөйтіп, А.Демченкоға Қылмыстық кодекстің 24, 177, 325-баптарына сәйкес бар мүлкін тәркілей отырып, 2 жылға бас бостандығынан айыру үкімі шығарылды. Сот залында қолына кісен салынған А.Демченко жазасын жалпы режімдегі түзету колониясында өтемек.

Жадыра ЕСЕНГЕЛДІ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp