«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАЛҒАН ҚҰЖАТ ЖАСАҒАН

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының сарапшылары 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында көрсетілген қызметтердің сапасы мен көлеміне қатысты 460 мыңнан астам түрлі заңбұзушылықты анықтады. Медициналық ұйымдарға 4,6 миллиард теңге айыппұл салынды.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде және МӘМС пакеті бойынша медициналық көмек көрсету сапасына тұрақты мониторинг жүргізеді. Аталмыш қор медициналық ұйымдарға тиісті қаржыны бекітілген стандарт бойынша көрсетілген медициналық көмектің сәйкестігіне мониторинг жүргізілгеннен кейін төлейді. Қор мұндай жұмысты күн сайын және тұрақты негізде жүргізеді. Салынған айыппұлдар қайтадан медициналық қызметтерге төленетін ақы ретінде пайдаланылады.
Заңбұзушылықтар арасында көбінесе жалған тіркеу жиі кездеседі. Жарты жыл ішінде қор сарапшылары 11,6 мыңнан астам көрсетілмеген қызметтерді анықтады, олар ақпараттық жүйелерге енгізілді. Осындай заңбұзушылықтар үшін медициналық ұйымдарға 75,4 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.
Сонымен қатар, сарапшылар көмек көлемін арттырып, аурудың диагнозын дұрыс көрсетпей, ауруханаға жатқызудан және медициналық көмек көрсетуден бас тартқан, іс жүзінде науқастарға берілмеген медициналық бұйымдар мен дәрілік заттарды тіркеп, бір реттік құралдарды қайта қолданған жағдайларды анықтады.


Қарлығаш ІЛИЯСОВА,
әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры
облыстық филиалының бас сарапшысы.  

Сурет: https://kstnews.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp