«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАЛҒАСТЫҢ ЖЕҢІЛІСІ

Аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов әлемдегі ең танымал ұйым – UFC ая­сында өзінің алғашқы айқа­сын өткізіп, төреші­лердің шешімі бойынша қарсы­ласы­на есе жіберді. Алайда, тәуел­сіз сарапшылар төрешілік әділ болмағанын айтуда.

Әбу-Дәби қаласындағы “Жа­уын­герлер аралында” өткен UFC 251 турнирінде қандасымыз 24 жастағы бразилиялық Раулиан Пайвамен жұдырықтасып, үш раундқа созылған жекпе-жекте тө­ре­шілер шешімі бойынша (29-28, 29-28, 29-28) жеңі­ліп қалды. Нә­тижеге қарап кездесу отанда­сымыз үшін ауыр өтті деп айта ал­маймыз. Бірінші раундта Рау­лиан айқас тізгінін қолы­на алып, аздаған басымдыққа ие болды. Десе де, екінші раундты қанда­сы­мыз ширақ бастады. Алғашқы және соңғы минуттарда Жалғас қарсыласын ауыр соққының ас­ты­на алды. Үшінші бес минутта да жерлесіміз жаман өнер көр­сеткен жоқ еді. Соққыларды да қарсыласына қарағанда көбірек жұмсаған.
Жалпы, бразилиялықты жоға­ры деңгейдегі мықты спортшы деп айта алмаймыз. Өйткені, аталған ұйымда үш айқас өткіз­ген Пайва бір рет жеңіске жетіп, екеуінде жеңілістің кермек дәмін татқан.

 

Сурет: https://www.sports.kz/

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp