Қоғамды мейірімділікке тәрбиелеп, балалардың бойына адамгершілік қасиеттерін ұялату мақсатында қолға алынған “Қайырымдылық керуені” республикалық акциясы өз жалғасын табуда.
Жақында аталмыш акция аясында облыс орталығындағы №8 эстетикалық тәрбие беретін мектеп-кешені ұжымының ұйымдастыруымен “Алтын жүрек” қайырымдылық концерті болып өтті. Игі шараға аталмыш мектептен 250-ден аса оқушы қатысты.
Үш сағатқа созылған кеш барысында мектеп оқушылары әннен шашу шашып, көрермендерді түрлі жанрдағы композициялармен қуантты.
Тілегі бір жандардың басын қосқан шарадан 384 мың теңге жиналды. Бұл қаражат ауыр дертке шалдыққан Темірлан Мырзағалиев пен Анастасия Шарапованың ем-домына жұмсау үшін олардың ата-аналарына тең бөлініп берілді.
Алма ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ,
“Солтүстік Қазақстан”.