«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАЛҒЫЗБАСТЫ ҚАРТТАРҒА КӨМЕК

Петропавл қалалық полиция басқармасының тергеушілері мен анықтаушылары қардың толассыз жаууына байланысты Ұлы Отан соғысы ардагерінің жесірі 91 жастағы Анна Григорьевна Милютинаның үйіне көмекке барды. Полицейлер үйдің маңындағы қарды әп-сәтте күреп тастады.

«Қолымызға күрек ұстап, жеке секторда тұрып жатқан тұрғындарға үлгі болсын деген ниетпен қар тазалауға шықтық. Көп ұзамай жақын маңдағы тұрғындар да құрал-жабдығын сайлап, қар шығаруға кірісті», – дейді тергеу бөлімі бастығының орынбасары, полиция майоры Нұржан Омаров.
Әлеуметтік қолдау – күнделікті қызметіміздің ажырамас бөлігі деп білетін арнайы жасақтың 10 қызметкері «Айгөлек» балабақшасының ауласында жұмыс істеп болған соң, Клара Цеткин көшесінде тұратын қарт зейнеткерлер – Әміреновтер отбасына жол тартты. Арнайы бөлініс қызметкерлері былтыр қыста да бұл отбасының ауласын тазалап, көмек көрсеткен болатын. Биыл да сол дәстүрден жаңылмай, қарттардың жағдайын біліп, оларға ғана емес, көмекке мұқтаж көршілеріне де қолғабыс етті.
«#BizBirgemiz челленджі туралы білеміз. Бірақ біз бұл челленджге қатысып отырған жоқпыз. Онсыз да кезекшіліктен тыс уақытта жалғызбасты қарттарға көмектесуді дәстүрге айналдырдық», – дейді полиция подполковнигі Ерік Құлжанов. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp