«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАМБЫЛДЫҚ АРДАГЕРЛЕР САЯХАТЫ

Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған шаралар аясында Жамбыл аудандық ішкі істер бөлімі өз ардагерлері үшін облыс орталығына саяхат ұйымдастырды. Оған қатысушылардың бірі – отставкадағы милиция капитаны Дүкенбай Өсіпов он жылдан бері күнделік жазумен айналысады. Енді ардагердің жеке күнделік дәптеріне оның ішкі істер департаменті мұражайында болған әсерлеріне толы жаңа жолдар қосылары сөзсіз.

– Бүгінгі күн – ертеңгі тарих. Балалар мен немерелер үшін бұл – көрнекі үгіт. Жарайсыңдар, мұндай тамаша мұражай ұйымдастырғандарға ризашылығымды білдіремін, – дейді ардагер.

Полиция ардагерлері экспозицияларды көңілдері тола тамашалады. Ақсақалдар, әсіресе, өздерінің бұрынғы әріптестерінің суреттері мен жеке заттарын көріп, ерекше қуаныш сезіміне бөленді. Осы қызықты саяхатты ұйымдастырған аудандық ішкі істер бөліміне арналған экспозициялық стенді жанында суретке түсті.

Ішкі істер департаментінің мұражайынан басқа ардагерлер тобы жедел басқару орталығында, “Абылай хан резиденциясы” мұражай-кешенінде және “Динамо” ведомстволық спорт кешенінде болды. Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған шаралар аясындағы мұндай саяхатты ішкі істер департаментінің басшылығы барлық аудандық ардагерлер ұйымдары үшін ұйымдастыруға ниетті.

Ольга ШИЯН,

облыстық ішкі істер департаменті

баспасөз қызметінің инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp