«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАМБЫЛ АУДАНЫНА ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнің және Жамбыл аудандық мәслихаты депутаттарының келiсiмімен, Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнің өкiмiмен Мұратбек Жапасұлы Әбiшев Жамбыл ауданының әкiмi болып тағайындалды.

Мұратбек Әбiшев 1965 жылы 1 наурызда Ресейдің Челябі облысының Ептикульский ауданындағы Азбай ауылында туған.

1989 жылы агроном мамандығы бойынша Целиноград ауыл шаруашылығы институтын тамамдап, еңбек жолын “Қаракөл” кеңшарында учаскелік агроном болып бастаған.

1991-2011 жылдары коммерциялық ұйымдарда қызмет атқарды.

2011-2013 жылдары Қостанай облысындағы Алтынсарин ауданы әкiмiнiң бiрiншi орынбасары, Қостанай облысы Алтынсарин ауданының “ОТИ-2010” ЖШС-нің директоры, Ақмола облысының Есiл ауданындағы Есiл қаласының әкiмi қызметтерін атқарған. 2013 жылдан осы тағайындауға дейін Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімі болды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp