«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

«ЖАМИҒ АТ-ТАУАРИХ» — ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ

Рашид ад-диннің «Жамиғ ат-тауарих» шығармасы қазақ тілінде жарық көрді.

Осыған орай «Egemen Qazaqstan» газетінде басылымның басқарма төрағасы, Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлінің «Ұлы даланың теңдессіз тарихнамасы» атты мақаласы жарияланып отыр, — деп хабарлайды ҚазАқпарат.  

«Көрнекті ғалым, қайраткер тұлға болған Рашид ад-дин «Жамиғ ат-тауарих» деп аталатын тарихтар жинағын Елхан мемлекетінің әміршісі Ғазан ханның жарлығы бойынша 1300 жылы бастап, 1316 жылы Олжайытұ сұлтан дәуірінде тәмамдаған.   

ХІХ ғасырдан бастап ағылшын, француз, неміс, орыс, қытай және өзге тілдерге аударыла бастаған теңдессіз туынды алғаш рет қазақ тіліне 2017 жылы аударылып, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілігінің демеушілігімен жарық көрген еді. Оны қазақ тіліне тікелей аударған араб, парсы тілдерінің білгір маманы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ғұламалар кеңесі мүшесі, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Түркітану» ғылыми-зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері Зәріпбай Жұманұлы Оразбай. Халықаралық Түркі академиясының ұйымдастыруымен алғашқы аударманың кейбір кемшін тұстары толықтырылып, көне сөздердің арнайы сөздігі реттеліп, жүйеленген, ғылыми талапқа сай екінші басылымы баспаға ұсынылып, зерделі зерттеушілер мен оқырман қауымға ұсынылып отыр.  

Құнды еңбек тарихымызды түгендеуге, жадының жаңғырып, ұлттық кодымызды түйсінуге, сол арқылы халқымыздың рухани жаңғыруына қызмет ететініне күмән жоқ. Сондықтан тарлан тарихымыздың ақтаңдақ беттерін аша түсетін бағалы еңбек баршамызға құтты болсын!» делінген мақалада.

 www.inform.kz 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp