Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті жүргізген баға мониторингі нәтижелері бойынша биылғы жылдың 5 қыркүйегінен 7 қыркүйегіне дейін “АИ-92”, “АИ-95” маркалы жанармай бағасының – 17-20% , 7-20% күрт көтерілгендігі көрініс тапты.
Осыған орай, 2015 жылдың 18 қыркүйегінде бағаны келісіп белгілеу жөніндегі іс-әрекеттер фактісі бойынша жанар-жағармайды бөлшек саудада сататындардың бесеуіне қатысты тергеу басталды.
Баға негізсіз көтерілгені дәлелденген жағдайда субъектілердің монополиялық табысы тәркіленіп, 3%-дан 5%-ға дейін айыппұл төлетіледі.