Облыста АИ-95 маркалы бензин кей жанар-жағармай бекеттерінде арнайы карта және талонмен сатылып жатыр. Облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының мәліметінше, бұл – уақытша тапшылық. Жақында өңірге сұйық отын жеткілікті деңгейде әкелініп, жағдай қалыпқа түседі.
Ал Петропавлдағы «Эталон Авто» желісінің үш бекетінде бензин тек талон және арнайы картамен ғана саудалануда. Мұндай жағдай «Trassa» желісінің бекеттерінде де тіркелген. Бұл компания жеткізу туралы келісімге отырысымен-ақ мәселе шешіледі, – деді басқарма басшысы Дархан Әмрин.
Облыста бүгінде АИ-92 бензинінің 11 күндік қоры бар, ол 218-225 теңге аралығында сатылып жатыр. Дизель отынының қоры 13 күнге жетеді. Литрі 315-323 теңгеден. «Алаңдауға негіз жоқ. Облыста жанар-жағармай қорына мониторинг жасау және қажетті көлемді уақтылы бөлу мақсатында жедел штаб жұмыс істейді. Оның құрамына облыс әкімінің орынбасары және жергілікті атқарушы органдардың басшылары кіреді. Қажет болған жағдайда мәселе орталық мемлекеттік органдардың мамандарымен бірлесе қаралады», – деді Дархан Әмрин.
Бүгінгі таңда облыс аумағында 114 жанармай құю стансасы жұмыс істейді. Оның 39-ы – Петропавлда, 75-і – аудандарда. 24-і ауылдық жерлерде орналасқан.
Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,
«Soltüstık Qazaqstan».