ЖАНАР-ЖАҒАРМАЙ ҚОРЫ ЖЕТКІЛІКТІ

Облыста АИ-95 маркалы бензин кей жанар-жағармай бекеттерінде арнайы карта және талонмен сатылып жатыр. Облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының мәліметінше, бұл – уақытша тапшылық. Жақында өңірге сұйық отын жеткілікті деңгейде әкелініп, жағдай қалыпқа түседі.

Ал Петропавлдағы «Эталон Авто» желісінің үш бекетінде бензин тек талон және арнайы картамен ғана саудалануда. Мұндай жағдай «Trassa» желісінің бекеттерінде де тіркелген. Бұл компания жеткізу туралы келісімге отырысы­мен-ақ мәселе шешіледі, – деді басқарма бас­шысы Дархан Әмрин.

Облыста бүгінде АИ-92 бензинінің 11 күндік қоры бар, ол 218-225 теңге аралығында сатылып жатыр. Дизель отынының қоры 13 күнге жетеді. Литрі 315-323 теңгеден. «Алаңдауға негіз жоқ. Облыста жанар-жағармай қорына мониторинг жасау және қажетті көлемді уақтылы бөлу мақ­сатында жедел штаб жұмыс істейді. Оның құра­мына облыс әкімінің орынбасары және жергілікті атқарушы органдардың басшылары кіреді. Қажет болған жағдайда мәселе орталық мемлекеттік органдардың мамандарымен бірле­се қаралады», – деді Дархан Әмрин.

Бүгінгі таңда облыс аумағында 114 жанармай құю стансасы жұмыс істейді. Оның 39-ы – Пет­ропавлда, 75-і – аудандарда. 24-і ауылдық жер­лерде орналасқан.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

«Soltüstık Qazaqstan».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp