«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жанасусыз ақы төлеу, немесе ақыны смартфонмен қалай төлеуге болады

Пандемиия кезінде жанасусыз төлемдердің маңызы зор. Смартфоныңызға банк карточкасын қалай «енгізуге» болады, мобильдік құрылғылардың көмегімен жанасусыз ақы төлеудің қандай артықшылықтары және кемшіліктері бар, QR-код бойынша ақыны қалай төлеуге болады? Осы сұрақтарды Fingramota.kz-пен бірге талқылайық.

Телефоныңызды банк картасымен бірге пайдалану өте қолайлы. Мысалы, супермаркетте немесе дәріханада сауда жасай отырып, пластик карточканы өзіңізбен бірге алып жүрудің немесе провизорға ақша берудің қажеті жоқ, смартфоныңызды POS-терминалға қойсаңыз жеткілікті.
Мобильдік құрылғылардың көмегімен жанасусыз ақы төлеу NFC технологиясы бойынша және QR-коды бойынша жүзеге асырылады.
Деректерді шағын радиуста сымсыз беру технологиясы NFC (Near field communication) деп аталады. Ол шамамен 10 сантиметр қашықтықта орналасқан құрылғылар арасында деректермен алмасуға мүмкіндік береді. Терминал үшін картаны немесе телефонды жақындатасыз ба – бәрі бір. Бұл ретте картаны өзіңізде сақтаудың, оны алудың, ұрлатып алу, яғни дербес деректерді, мысалы, CVV/CVC-кодтары (картаның сыртқы жағындағы кодтар) ұрлатып алу тәуекеліне ұшыраудың қажеті жоқ. Сондай-ақ карточкасын үнемі банкоматта ұмытып кететіндер үшін қолайлы.
Нақты артықшылықтары:
– Қауіпсіздік (деректер шифрланған түрде болады, карта мен деректерді ұрлатып алу тәуекелін болдырмаймыз;
– Қолайлылығы (картаны өзіңізбен бірге алып жүру қажет емес);
– Ақыны жылдам төлеу (телефонды теңшеп, сатып алу кезінде оны POS-терминалға жақындатса болды);
– Қосымша бонустар (көптеген банктер жақсы кэшбэктер және NFC-ді пайдаланған кезде бонустар ұсынады.
Кемшіліктер:
– Телефонды қаскөйлер ұрлап кетпеу үшін байқап жүру керек
– Смартфондардың барлық моделінде NFC модулі жоқ.
Бірнеше сервистер бар, олардың көмегімен карточканың орнына телефон арқылы төлем жүргізуге болады. Бұл:
– Samsung pay;
– Apple pay;
– Android pay.
Қалай қосылуға болады?
1. Бұл технологияны пайдалану үшін өз құрылғыңызда NFC модулінің болуына көз жеткізіңіз.
2. Қосымшаны жүктеу.
3. Смартфонда картаның виртуалды көшірмесін жасаймыз.
4. Сатып алынған затқа мобильді құрылғымен ақы төлейміз.
Телефон теңшелгеннен кейін, сіз POS терминалдарымен жабдықталған дүкендерде төлем жасай аласыз. Бұл жағдайда Сізде карта емес, мобильді құрылғы болу керектігін айту міндетті емес. Карта арқылы төлем жасаңыз және оның орнына смартфонды сыртқы жағымен терминал бетіне қысқа қашықтыққа жақындата отырып, мобильді құрылғыны қолданыңыз деп айту жеткілікті.
QR-код бойынша төлем
Бұл – сатып алынған затқа арнайы графикалық кодпен ақы төлеуге мүмкіндік беретін тағы бір балама әдіс. QR жүйесінің даусыз артықшылығы – оны пайдалану үшін арнайы модуль немесе датчиктің болуы талап етілмейді. Тек арнайы қосымшаны жүктеп алу (көбінесе картаны шығарған банктен) және телефон камерасының көмегімен сатушының QR есептеу жеткілікті.

QR-код бойынша төлемнің артықшылықтары
– арнайы модуль талап етілмейді (NFC сияқты);
– жылдам төлем (қосымшаны ашу, кассада код санау, соманы енгізу және ақша жеткілікті);
– қауіпсіздік (NFC төлеу кезіндегідей қауіпсіздік артықшылықтары);
– ыңғайлылық.
QR-код бойынша төлемнің кемшіліктері
– QR бойынша төлем әдісі соншалықты кең таралмаған;
– SMS-кодтар арқылы транзакцияны қосымша растауды талап етеді.
QR-код бойынша төлем картаны, оның деректерін ұрлау қаупін азайтады, көптеген қаржылық операцияларды жеңілдетеді (аударымдар, төлем, банкоматтардан картасыз қолма-қол ақша алу).
Осы технология бойынша төлемді іс жүзінде пайдалану үшін біз банктің қосымшасын жүктеп аламыз, авторизация жасаймыз және егер осындай функция болса, оны төлем кезінде мүмкіндігінше қолданамыз. 

Сурет: https://www.cleverence.ru/
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp