«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАНАТ – БЕСІНШІ

Жеңіл салмақта өнер көрсетіп жүрген солтүстікқазақстандық кәсіпқой боксшы Жанат Жақиянов желтоқсан айында Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) рейтингінің “ТОП-5” тізіміндегі орнын сақтап қалды.

Ұйымның жаңартылған рейтингісінде 30 жастағы жерлесіміз 5-ші орында тұр. Ол биылғы жылдың 8 қарашасында Австралияның Квинсленд қаласында өткен соңғы жекпе-жегінде филиппиндік Роберто Лерионы екінші раундта нокаутпен жеңген болатын.

Сонымен, Жанат Жақиянов кәсіби мансабында 25 кездесу өткізіп, 24-інде жеңіске жеткен (17 КО). Ол жеңіл салмақтағы “Eurasia Pacific Boxing Council” белбеуінің иегері, сонымен қатар “EBU” тұжырымында Еуропа жеңімпазы.

Айта кету керек, Жанат Жақиянов “WBC” тұжырымында әлем чемпионы атағына үміткерлер арасында бірінші орында тұр.

Қанат АТАМАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp