Үш күннің ішінде отбасында кикілжің шығарған 28 петропавлдық әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ұйымдастырылған акция барысында Петропавл қалалық ішкі істер басқармасының полицейлері отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылық үшін 27 қорғау ұйғарымын шығарды.
Жалпы қалалық полицияда тәртібі төмен 3 мыңнан астам адам есепте тұр.
Динара САҒЫНДЫҚОВА,
облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің аға инспекторы.