“Құлагер” хоккей командасы сырт алаңда көкшетаулық “Арлан” командасымен екі кездесу өткізді.
Өкінішке қарай, жерлестеріміз алғашқы кездесуде айдын иелерінен 2:3, ал қарымта ойында 3:5 есебімен ұтылып қалды.
Сөйтіп, қоржынында 18 ұпайы бар солтүстікқазақстандықтар турнир кестесіндегі алтыншы орнында қалды. Енді, “Құлагер” өз алаңында біріншіліктің көш басында келе жатқан астаналық “Номад” командасын қабылдайды.
(Өз тілшіміз).