«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАНСАЯ ТОП БАСЫНДА

Қазақстанның шахмат мектебін әлем мойындады. Әсіресе, әйелдер арасындағы сайыстарда нәзік жандар ауыз толтырып айтарлықтай табыстарға қол жеткізіп жүр. Осы орайда Жансая Әбдімәліктің есімі ерекше аталады. Халықаралық сайыстардың жеңімпазы әрі жүлдегері әлемнің 20 жасқа дейінгі шахматшыларының тізімінде көш бастады.

Жансая Әбдімәлік қазіргі уақытта шахматтың барлық түрінен үздіктер қатарында. Ол “ЭЛО” рейтингі бойынша “Классика”, “Рапид” (жылдам шахмат, уақыты шектеулі партия) және “Блиц” (жылдам ойын) бойынша көш бастап тұр. Осыған дейін ешбір қазақстандық әлемдік рейтингте шахматтың бірден үш түрінен үздік атанбаған. Бұл – тарихи жетістік.

Сондай-ақ, Жансая Әбдімәлік “FIDE” әйелдердің әлемдік рейтингінде үздік 20 ойыншының санатына кіреді.

Жансая өткен жылды жоғары көрсеткішпен қорытындылаған болатын. Ол желтоқсан айында Ресейдің Санкт-Петербург қаласында ересектер арасында жылдам шахматтан өткен әлем біріншілігінде алтыншы орынды иеленді.

Қанат АТАМАНОВ,

“Soltustik Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp