«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАН-ЖАҚТЫ ДАЙЫНДЫҚ

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының 2015 жылдың 10 қыркүйегіндегі мәліметі бойынша жылыту маусымына қазандықтардың дайындығы 99 пайызды құрайды. 544 бу қазандығының үшеуінде әлі жұмыс жалғасуда, олар 1 қазанға дейін дайын болмақ.

Бюджеттік мекемелерге 182 мың тонна көмір жеткізілген. 1148 көпқабатты тұрғын үйдің 1055-інде (92 пайыз) жылыту жүйелері шайылып, тазартылды.

Петропавлдағы “ЖЭО-2”-де үш бу қазандығы агрегаты мен 3 құбыр агрегатында жоспарлы жұмыс атқарылуда, сонымен қатар 3 бу қазандығы агрегаты күрделі жөндеуден өткізілсе, жалпы саны тоғыз құбыр және бу қазандығы агрегаттарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қыркүйек айында инвестициялық көлемі 6 миллиард теңге тұратын №1 жаңа құбыр агрегаты іске қосылмақ.  

“Солтүстік Қазақстан таратушы электр желісі компаниясы” АҚ – 169 қосымша станция мен 1178 (101 пайыз) шақырым электрмен жабдықтау желісін, ал “Көкшетау Энерго” ЖШС 251 қосымша станция мен 1732 километр (97 пайыз) электрмен жабдықтау желісін жөндеуден өткізді.

2015 жылы “Петропавл жылу жүйесі” ЖШС 10,756 километрді құрайтын жылу торабын жөндеуден өткізіп, қайта қалпына келтіру жұмыстарын жоспарлауда. Бүгінгі таңда 10,85 шақырым (101 пайыз) жылу желісі жөндеуден өткізіліп, 3,55 шақырым (103 пайыз) құбыр қымталды.

Бюджет қаржысы есебінен Петропавл қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімінің тапсырысы бойынша облыс орталығында 3,8 миллиард теңге сомасында 6,3 шақырым жылу жүйесін салу жоспарлануда. Қазір 2,1 миллиард теңгенің 5,2 шақырым жылу жүйесі салынды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp