«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАППАЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

Құрметті солтүстікқазақстандықтар!

17 қыркүйекте облыстың барлық қалалары мен ауылдарында қарт адамдар мен мүгедектерді әлеуметтік қолдау жөніндегі айлыққа арналған облыстық қайырымдылық сенбілігі өткізіледі.

Үздіксіз еңбекпен біздің әл-ауқаттылығымызды қамтамасыз еткен аға ұрпаққа құрмет көрсетіп, олардың адал еңбегін қадірлеп, зейнеткерлер мен көмекке мұқтаж барша қауымды ілтипат пен қамқорлыққа бөлеуге міндеттіміз деп санаймыз.

Ұйымдардың, ведомстволар мен барлық меншік нысанындағы кәсіпорындардың басшылары мен ұжымын, оқушылар мен студенттерді, облыстың әр тұрғынын осы бастаманы қолдап, сенбілік күні көшелер мен үй-жайлардың маңын тазалауға шақырамыз.

Сенбіліктен түскен қаражат қайырымдылық іс-шараларды өткізу және қарт адамдар мен мүгедектерді әлеуметтік қолдау үшін жұмсалады.

Ұйымдастыру комитеті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp