“Сайлау – маңызды патриоттық акт”. Дәл осындай атаумен Петропавлдағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Әскери институтында “дөңгелек үстел” өтті. Шараға Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының өкілдері, ардагерлер, курсанттар мен студенттер қатысты.
Жиында сөз алған Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары, полковник Мұхаметқали Сатов ұланғайыр жерді білектің күшімен, найзаның ұшымен сақтап қалған ата-бабаларымыздың ерлік істеріне тоқталып, бүкіл әлемді үрейлендіріп отырған дағдарыс кезінде еліміздің болашағы үшін сайлауға қатысып, дауыс берудің маңыздылығын жеткізді.
Ұлттық ұлан Әскери иститутының бастығы, полковник Жұмабек Ахметов әр дауыс берушінің таңдауы мемлекетіміздің кемел келешегіне, баянды болашағына қосқан сүбелі үлесі, азаматтық міндеті екенін ортаға салды.
Шара соңында жиынға қатысушылар Президент сайлауына қатысып, таңдау жасайтындарын мәлімдеді.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық ұланының
баспасөз қызметі.