«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАРАЙСЫҢ, АЛЕКСЕЙ!

Солтүстікқазақстандық велоспортшы, “Астана” велоклубының өкілі Алексей Луценко “Оман туры” көпкүндігін табысты аяқтады.

Оман сұлтанатында өткен додаға әлемнің түкпір-түкпірінен 18 кәсіби велокоманда қатысып, жарыс жолына 126 велошабандоз шықты. Алты кезеңнен тұратын бәсеке бес күнге созылып, жалпы жарыс жолы 914,5 шақырымды құрады. Жерлес велошабандоз 167,5 және 179,5 шақырымдық кезеңдерде қола жүлдегер атанса, таулы жерде ұйымдастырылған бесінші кезеңде мәре сызығын екінші болып кесті. Сондай-ақ, Алексей Луценко жарыстың қорытындысы бойынша жеңіске жетті. Оның бұл жетістіктері “Астана” велоклубының жалпыкомандалық есепте жеңімпаз атануына көмектескен.

– Маусымның алғашқы сайысында топ жарғанымызға қатты қуанып тұрмыз. Мен осы қыста көп дайындалып, тамаша күйде болуды көздедім. Енді, мінекей, жеңімпаз болып отырмыз. Бірақ жылдың алғашқы жартысында менің басты мақсатым классикалық жарыс болып қала бермек. Сондықтан табысқа жетуге барымды саламын, – деді Алексей Луценко.

Алдағы күндері велошабандоз Бельгия, Италия елдерінде өтетін біркүндік жарыстарда бақ сынайды.

Анна ПЕНЬКОВА,

облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp