«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жарайсың, Аманжол!

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің агрономия мамандығының 4-курс студенті Аманжол Шукеев Қазақстан студенттері арасында ауыл шаруашылығына арналған машина жасау саласындағы ірі инвесторлардың бірі “John Deer” компаниясы ұйымдастырған байқауға қатысып, жүлделі орынға ие болды.

Біздің өңірімізден 3 студент қатысып, “John Deer техникасы” тақырыбында баяндама жасап, қазылар алқасына өздерінің білімдерін дәлелдеді. Үміткерлердің арасынан суырылып шыққан Аманжол Шукеев енді Көкшетау қаласында өтетін байқаудың республикалық кезеңіне қатысып, облыс намысын қорғайды.

Сайысты ұйымдастырушылар қатысушыларға Қазақстандағы “John Deer” техникасының ресми дистрибьюторы “Eurasia Group Kz” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі атынан диплом мен сыйлықтар табыс етті.

Жанаргүл МЕЙРАМ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp