«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАРАЙСЫҢ, НҰРБАЙ!

Облыстық ішкі істер департаменті мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің маманы Нұрбай Сәбитовтің еңбегі лайықты бағаланды. Ол Қазақстан халқы тілдерінің XVIIІ облыстық фестивалінің ашылу салтанатында облыс әкімі Ерік Сұлтановтың қолынан Алғыс хатын алды.

Он жылға жуық ауылда қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі болған Нұрбай Ақжігітұлы 2012 жылдан бері мемлекеттік қызмет саласында еңбек етіп келеді. Ол ішкі істер департаментінің қоғамдық өміріне белсене араласып, қызметкерлердің мемлекеттік тілді меңгеруіне сүбелі үлес қосуда. “Қызметкерлердің мемлекеттік тілді білуі үшін өздерінің кәсіби жұмысына қатысты термин сөздерді дұрыс қолданулары маңызды. Сондықтан тіл бөлімімен сабақ кестесін әзірлеп, алдағы уақытқа жоспар құрамыз. Жоспардың орындалуын, қызметкерлердің сабаққа қатысуын қатаң қадағалаймын”, – дейді ол.

Облыстық ішкі істер департаментінің “15-ші өңір” командасы былтыр Шымкент қаласында өткен республикалық “Парасатты полицей” байқауында бірінші орынды иеленді. Бұл жеңіске Нұрбай Сәбитовтің қосқан үлесі де зор.

Нұрбек БАЕКИН,

облыстық ішкі істер департаменті мемлекеттік

тіл және ақпарат бөлімінің маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp