«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жарамсыз тағам мектептерге де жеткізіліпті

Өткен аптада облыстық ішкі істер департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Қызылжар ауданының Бескөл ауылында мерзімі өткен азық-түлік тауарларын сақтайтын жасырын цехты әшкереледі. Жеке кәсіпкер бүлінген тағамдарды дүкендермен қатар, мектеп асханаларына да өткізіп отырған. Тұтынушыларға қалбырдағы ет, балық өнімдерін, жеміс-жидек, көкөніс, тез дайындалатын кеспе және басқа да тағам түрлерін тасымалдаумен айналысқан күдіктінің қарамағында бірнеше адам жұмыс істепті. Олар азық-түлік өнімдерінің сыртындағы жапсырмаларды жаңартумен айналысқан.

Бүгінгі күні сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатқан тергеушілерге кәсіпкердің тауар жеткізумен бірнеше жылдан бері айналысып жүргені мәлім болды. Тергеу барысында тағы бір анықталған жайт, аталмыш фирма өз өнімдерін облыс орталығындағы білім беру мекемелерінің бірінің асханасына да өткізген екен. Тексеріс кезінде мектептердің бірінің асханасынан пайдалану мерзімі өткен тетрапакеттегі шырындар табылды. Абырой болғанда, оқушыларға сусын әлі сатылмапты. Асхана қызметкерлерінің айтуынша, аталмыш фирмамен олар тауар бағасы арзан болғандықтан жақында келісімге отырыпты.

Тергеушілер аталмыш цехтың тағамдары облыс дүкендерінде және ірі сауда орталықтарында сатылып жатқанына сенімді, сондықтан тексеріс жұмыстары әлі де жалғасады.

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp