Жаңа жылдың бірінші тәулігінде №3 қалалық аурухананың жарақат қосынында 60-тан астам адамға медициналық көмек көрсетілген. Аталмыш бөлімшенің меңгерушісі Валерий Грибашовтың айтуынша, жарақат алғандардың дені көктайғақтың салдарынан тобығы мен аяқтарын сындырып, сіңірлерін созып, бұлшық еттерін ауыртып алса, кейбіреулері суық қарудан жараланған.
Ал бұл күні облыстық жедел медициналық көмек орталығына 136 қоңырау түскен.
(Өз тілшіміз).