Ойын баласы ұрыншақ келеді. Жыл басынан бері жазатайым құлап, жарақат алған 600-ден аса бала облыстық балалар ауруханасында емделіп шығыпты. Олардың 100-ге жуығы дәрігерлердің көмегіне жаз айларында жүгінген. Қазіргі таңда аталмыш ауруханада 27 бала емделуде. Жалпы күніне кем дегенде – 4, кейде одан да көп жеткіншек ауруханаға түседі екен.
– Балалардың жарақат алуы жаз айларында артады. Сондықтан сақтанған дұрыс, – дейді облыстық балалар ауруханасының травматолог-ортопед дәрігері Асылхан Жағыпаров.
Өткен жылмен салыстырғанда биыл балалардың жарақат алу фактілері көбейген. Мәселен, былтыр 1111 бала ем қабылдаса, үстіміздегі жылдың алты айында 600-ден астам бала түрлі дене жарақатымен аурухана табалдырығын аттаған.
Байболат КҮЛТАНОВ,
журналист.