Үстіміздегі жылдың 1 қыркүйегінен бастап “Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында тұрғылықты жері бар оралмандар мен тұлғаларға олардың мүлікті жария етулеріне байланысты рақымшылық жасау туралы” Заң күшіне енді.
Заң мемлекеттің мүлікті, соның ішінде жария экономикалық айналымнан ерте шығарылған ақшаларды жария ету жөніндегі бірреттік акцияны өткізуге, сол сияқты кірістер мен мүліктерді декларациялауға көшуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді.
Алайда, әлі күнге дейін тұрғындардың осы Заңның жүзеге асыру шарттарына қатысты қояр сұрақтары көп. Нені және қалай 2014 жылғы 1 қыркүйектен бастап және 2015 жылдың соңына дейін жария етуге болатынын облыстық қаржы басқармасының басшысы Ескен Әкімжанов түсіндірді.
– Ескен Мырзахметұлы, алдымен жария етудің не екенін айтсаңыз?
– Мүлікті жария ету – кірістерді жасыру мақсатында және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасымен сәйкестікте рәсімделмеген немесе тиісті емес тұлғаға рәсімделген заңды экономикалық айналымнан шығарылған мүлікке құқықты мемлекеттің тану тәртібі.
– Қандай мүлік жария етуге жатады?
– Жария етуге мына мүліктер жатады:
– ақшалар (Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі арқылы);
– бағалы қағаздар (салық органы арқылы);
– Қазақстан Республикасынан тысқары жерде тұрған мүлік (ақшадан басқа) және заңды тұлғаның жарғылық капиталында қатысу үлесі (салық органы арқылы);
– Қазақстан Республикасының аумағында тұрған мүлік (ақшадан басқа). Оны жария ету мұндай мүліктің тұрған жері бойынша комиссияға өтініш берілетін жылжымайтын мүлікті жария ету жағдайынан басқа, жария ету субъектісінің тұрған жері бойынша комиссия арқылы жүзеге асырылады.
– Мүлікті жария ету мәселесі бойынша жүгінген тұлғалардың өтініштерін кім қарайды?
– Құжаттарымен қоса тапсырылған өтініштерді аудандардың және Петропавл қаласының жергілікті атқарушы органдарының жанында құрылған мүлікті жария ету жөніндегі комиссиялар қарайды. Барлығы мұндай 14 комиссия құрылған.
– Комиссия құрамына кімдер енеді?
– Комиссия құрамына әкімдіктердің, салық органдарының, сәулет және қала құрылысы органдарының, жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның, өртке қарсы күрес қызметі, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау мен бақылау органдарының, қоршаған ортаны қорғау және жылжымайтын мүлік құқықтарына мемлекеттік тіркеу жүргізетін органдардың қызметкерлері, сол сияқты Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдары мен ұйымдарының өкілдері енді.
– Қосылған құжаттарымен бірге өтінішті қайда тапсыру қажет?
– Құжаттарды қабылдау аудан әкімдері мен Петропавл қаласы әкімінің аппараттары кеңсесі арқылы жүргізіледі. Осы мақсаттар үшін құжаттарды қабылдау жөніндегі кабинеттер анықталған және жабдықталған, күн сайын консультациялар өткізіледі.
– Өтініштерді қараудың мерзімдері қандай?
– Өтініштерді комиссия өтініш түскен күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде қарайды.
– Акцияның мерзімдері туралы айтсаңыз. Өтініштер қабылдау қашан аяқталады?
– Мүлікті жария ету мерзімі 2014 жылғы 1 қыркүйекте басталды және 2015 жылдың 31 желтоқсанында аяқталады. Өтініштерді қабылдау мерзімі 2015 жылдың 30 қарашасында бітеді.
– Байқап отырғанымыздай, жария ету жөніндегі акция жуырда ғана мәре алды. Тұрғындарға жаңа заң шарттарын түсіндіру жөнінде қандай да бір жұмыс жүргізіле ме?
– Облыста жария ету шарттары жайында тұрғындарды ақпараттандыру жөнінде кең ауқымды жұмыстар жүргізілуде: баспа, бұқаралық ақпарат құралдарында және Интернет-ресурстарда мақалалар жариялануда; теледидарда бейнехабарландырулар, уәкілетті органдар өкілдерінің қатысуымен сұхбаттар беріледі, бейнеконференциялар, “дөңгелек үстелдер”, семинарлар өткізіледі; әкімдіктердің ғимараттарында ақпараттық стендтер ілінді.
– Тұрғындарға түсінік беру жұмысының нәтижелері қандай? Заң күшіне енген сәтінен бастап комиссияға барлығы қанша өтініш түсті? Қазір өтініш берілген нысандардың нешеуі жария етілді?
– Барлығы облыста 2014 жылдың 15 қазанындағы жағдай бойынша комиссияға жалпы сомасы 355 595,6 мың теңгенің 143 өтініші түсті. Соның ішінде жария етілген нысандар саны – 5, сомасы 21520,9 мың теңгені құрайды, қайтарылған өтініштер саны – 42, қалғандары қаралу үстінде.
Сұхбаттасқан
Тоқтар ЗІКІРИН,
“Солтүстік Қазақстан”.