«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жарна ай сайын аударылуы тиіс

Орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиа­лын­да азаматтардың медици­на­лық сақтандыру мәртебесін анықтау мәселесі бойынша бас­пасөз мәслихаты өтті.

Әлеуметтік медициналық сақ­тан­дыру қоры облыстық филиа­лы­ның директоры Лариса Гор­деева 2020 жылдың қаңтар айы­нан бастап жаңа жүйе іске қосыл­ғанын, сәуір айына дейін барлық азаматтар шартты түрде сақтан­ды­рыл­ғанын жеткізді. Алайда, елі­мізде орын алған эпидемиология­лық жағдайға байланысты шілде­ге дейін жеңілдік мерзімі ұзарып, азаматтарға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен міндетті әлеуметтік меди­ци­на­лық сақтандыру аясында қызмет көрсетілді. Жеңілдік кезеңі аяқ­талған соң әрбір тұрғын өз мәрте­бесін анықтап, өтелмеген айлар үшін міндетті әлеуметтік медици­налық сақтандыру қорына жарна төлеуі тиіс. Жарна аударылмаған жағдайда азаматтар сақтан­ды­рыл­майды. Қор мамандары әрбір адам өз мәртебесін “Электронды үкімет” порталы, телеграмм-бот не­месе мобильді қосымша арқы­лы тексере алатынын айтты.

Төтенше жағдай кезінде әлеу­мет­тік көмек алу үшін сәуір-ма­мыр айларында азаматтар аудар­ған бірыңғай жиынтық төлемнің бір бөлігі міндетті әлеуметтік ме­дициналық сақтандыру қорына түсті. Алайда, бірреттік төлемнен кейін жарна аудару жалғастырыл­ма­ды. Ал бірыңғай жиынтық тө­лем ай сайын және тұрақты тө­ле­нуі тиіс. Олай болмаған жағдайда медициналық көмек алу кезінде қиындық туындауы мүмкін. Елі­міз­де жеңілдік санаты бар 11 мил­лион адам медициналық сақтан­ды­ру жүйесіне жарна аударудан босатылған. Яғни, көпбалалы ана­лар, студенттер, балалар, жүк­ті әйелдер мен жұмыссыздар үшін төленуі тиіс жарналар мемлекет қаржысы есебінен жүргізіледі. Сон­дықтан табыс көзінен айы­рыл­ған және уақытша жарна ау­даруға мүмкіндігі жоқ азаматтар жергілікті атқарушы органның жа­нындағы жұмыспен қамту орта­лығында ресми тіркелуі қажет.

– Қазақстанда тұруға ықтияр­хаты бар зейнеткерлер жеңілдік санатына кірмейді. Сол себепті олар медициналық сақтандыру қорына төлем жасауға міндетті. Олар жарнаны терминал арқылы төлей алады. Өйткені, банктер мен Қазпошта филиалдары әзір­ше төлем қабылдамайды, – деді әлеуметтік медициналық сақ­тандыру қорының бөлім басшысы Қар­лығаш Ілиясова.

Ақмарал ЕСДӘУЛЕТОВА,

“Soltústik Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp