«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАРНА ТӨЛЕУДЕН БОСАТЫЛАДЫ

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда медициналық көмек көрсетудің үш деңгейлі жүйесі енгізілетін болады. 

“Міндетті әлеуметтік медицина­лық сақтандыру” заңына сәйкес же­ңілдікке ие азаматтар 15 санат­қа бөлінген. Бүгінде мұндай санат­тағы азаматтардың саны – 11,6 миллион адам, бұл елдің барлық халқының 62 пайызын құрайды. Жеңілдік санаттарына балалар, күндізгі бөлімде оқитын студент­тер, көпбалалы аналар, зейнеткер­лер, бала жасынан бірінші топтағы мүгедекке күтім жасайтын адамдар, мүмкіндігі шектеулі жандар, жүкті әйелдер, атаулы әлеуметтік көмек алушылар кіреді. Мемлекет жеңілдік санаттарына кіретін тұл­ғалар үшін ай сайын міндетті әлеу­меттік сақтандыру жүйесіне жарна аударады. Сонымен қатар еңбек ететін мүмкіндігі шектеулі жандар жарна төлеуден босатылады.

Мұрат ЖӘКЕНОВ,

әлеуметтік медициналық

сақтандыру қоры облыстық

филиалының бөлім басшысы.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp